10.09.2022
114
Мұқағали Мақатаевтың рухына
Шертейін Мұқаңа арнап бір күй бүгін,
Ашып бір көңілдердің жыр түңлігін.
Көп ұйықтап қалғандарды оятайын,
Шақырып шабытымның сиқырлы үнін.
Жүрміз ғой ыңғайымен тіршіліктің,
Көне алмай айдауына бір шыбықтың.
Тобықтан шалып кей жан құлатады,
Ұмтылып алға шықсам құлшынып тым.
Әйтсе де мұқалып бір жасымадым,
Туса да тарлауыттай басыма күн.
Аққуларын аңсаған жетім көлдей,
Арнамнан асып бір сәт тасымадым.
Әркімнің өз биігі бар шығатын,
Самғатар жұлдыздарға қаршығасын.
Қанатын қағып-қағып күй-Мұқағали!
Жігерімді жырымен қамшыласын.