meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  1314


Автор: Талап Қараш

Ғасыр тұлға

Дінмұхаммед Қонаевтың рухына
Ғасырдың озық тұлғасы,
Үнімді менің тыңдашы.
Пейіліңді дархан сағындық,
Тартылып көңіл жылғасы.
Бигіңе келдім ұмтылып,
Ылдида қалып тұншығып.
Өзінше толғау толғайды
Бүгінгі заман тіршілік!
Өткен күндер келмейді,
Жылуын елге бермейді.
Ал, қаңтардың суығы
Кімдерді енді жерлейді.
Алатауға қараймын,
Әр шыңында бар айбын.
Қонаев ата университетін,
Жер жұмағына балаймын.





Пікір жазу