10.09.2022
136
«Күзгі романс»
Мен сені сағындым,
Сен мені сағындың.
Жаулайды жүректі,
Кей сәтте сағым мұң.
Сен маған бағындың,
Мен саған бағындым.
Сезбей де қалдым ғой,
Жанғанын бағымның.
Мен сені аңсадым,
Сен мені аңсадың.
Ерітіп барады - ау
Бойымды саусағың.
Мен сені іздедім,
Сен мені іздедің.
Ал сыртта бұйығы,
Алады күз демін!