meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  143


Автор: Талап Қараш

Наурыз сезім

Бойдақ күнімді сағындым,
Ішінде қалған сағымның.
Не екенін білмей барамын,
Кейінгі күндер сабырдың.
От сезімді ұрлап барады,
Беймәлім ару жанары.
Қармаққа түскен сазандай,
Жүрегім дүрсіл қағады.
Сірә, мен білмей өтемін,
Қарттық дегеннің не екенін.
Ақ балтырлы қайыңның,
Аңсап бір жүріп мекенін.





Пікір жазу