10.09.2022
115
Рух оянған күн!
Құдіретін тілдің бүгін сезіндім,
Жетегіне ермей жасық сезімнің.
Тілін жұтқан мәңгүрт жанды көргенде,
Дүниеден келер кейде безінгім.
Тас мүсіннің саусағына құс қонып,
Жүргендеймін Алматыда түс көріп.
Бар болғаны бес мың қазақ оянды-ау,
Бойымдағы қазақы бір күш кеміп.
Жүргендеймін той-думанның ішінде,
Көңілімдегі дүбір қосып дүсірге.
Сыбыр қағып бір үн маған тұрғандай:
Өр еңсеңді балам енді түсірме!
Рух оянды, қалғыма енді қазағым!
Көрдік талай өзгелердің мазағын.
Бес мыңым да жер қайысқан қол екен,
Мәңгіліктің жырын енді жазамын!