10.09.2022
  91


Автор: Талап Қараш

Матрос ақын

Болат Шарахымбайға
Алатауын арқа тұтқан Қазықұрттың ұлысың,
Бейуақытта жарқылдатқан поэзия қылышын.
Ұзақ таңға көз ілмеген матросқа да ұқсайсың,
Жыр-теңіздің баққан өршіл толқыны мен тынысын!
Толқын-толқын, сол толқынмен тоқсан толғау күй ақты,
Талайларды өрге тартты, талайларды құлатты…
Дауылдарға қарсы қарап жүзіп келе жатырсың,
Нұх пайғамбар кемесінің капитаны сияқтым.
Таудай болып тұрасың да, сайға сәлем бересің,
Назарға алмай пейілі тар пенделіктің егесін.
Қайсы бірде ұқсатамын жылқышы бір ағама,
Ала құйын ұзақ жолдың дәл нұсқаған межесін.
Түркі әлемін түгел таң қып жырларыңмен баурадың,
Жұртың көрді аспан жақта жұлдызыңның жанғанын.
Ел ағасы жасындағы елуіңе дем болсын,
Ақын досым, жүрегімнен саған бір күй арнадым.





Пікір жазу