10.09.2022
  91


Автор: Талап Қараш

Мұхтар Өтеуовке

Жамбылдың қолдап аруағы,
Қол бұлғап күндер алдағы,
Өнер шаңырағыңа оралдың
Төрлетіп әділет заңдары!
Балаша сонда қуандым,
Ішінен шығып тұманның.
Феникс - өмір құсындай,
Отқа қарсы тұра алдың...
Кең даласында көңілдің,
Күй болып кенет өрілдім.
Көріп келемін, көндігіп,
Ащшы сабағын өмірдің.
Сағыныш шөлін басамыз,
Жүректен шашу шашамыз.
Жасына келіп Жамбылдың
Оу, Мұқа, ұзақ жасаңыз!





Пікір жазу