10.09.2022
  101


Автор: Талап Қараш

Қуыршақтар...

Қуыршақтар би билейді, күледі,
Бұрап қойсаң жүгіреді, жүреді.
Адамның да қуыршағы болады,
Кеудесінде соқпайтын бір жүрегі.
Кейбіреуі шіренеді тон киіп,
Пенделігін көрсете ме қомпиып.
Ал мынасы әдемі ғой әдемі,
Үстіндегі көйлегі тұр шолтиып.
Қуыршақ деп айтуға тіл бармайды,
Ойларымды айтқызбай-ақ аңдайды.
Ал, мынаның мұңға толы-ау жанары,
Шындық жырын алушыға арнайды.
Кім-кімдердің қуыршағы, сеземін,
Өмір-тарих шолып ойша кезеңін.
Құлақ түріп тынысына уақыттың,
Күтеді олар өмір - сахна кезегін...





Пікір жазу