10.09.2022
  101


Автор: Талап Қараш

Қазақстан-I телеарнасына...

Өткен күндер санамда бір
жаңғырды,
Сіркіретіп жанымдағы
жаңбырды.
Осы үйде жүруші едім
үн қуып,
Болжай алмай алдымдағы
тағдырды...
Көзге ыстық бейне түсіру
алаңы,
Қазақстанға таралған бар
хабары.
Сөз бастайтын Әбдіралы мен
Рабиға,
«Шарайнаға» ауғанда елдің
назары.
Қарсы алдымнан шығатындай
Шерағаң!
Кеуде керіп тынысымды
кең алам.
Қанапия Мусиндерді
еске алмай,
«Звукоцехқа» қалай бүгін
ене алам?!
Шақырады қолын бұлғап
өткен күн,
Дегендей бір өмірқызық
көшке ергін.
Қазағымның тәуелсіз
ел арнасы
Әр кезде де шабытыма
от бердің...





Пікір жазу