10.09.2022
80
Алаң!
Барып қайттым алаңға,
Мұң жиналып жанарға.
Түйсінемін сезінем
Бір қол барын жағамда
Өз қызығы өзінде,
Тұрмайтығұын сөзінде,
Анау тақсыр тойынған,
Салмақ салды-ау төзімге.
Көрмес көзі басқаны,
Қаласы бөлек -аспаны.
Тас керең, меңіреу дүние,
Есігін маған ашпады.
Барып қайттым алаңға,
Рух оянып санамда.
Түйсінемін сезінем,
Бір қол барын жағамда,
Мың қол барын жағаңда!