10.09.2022
  112


Автор: Талап Қараш

Желтоқсан - жыр!

Сезіндім бе өткен күннің ызғарын,
Көп ішінде бой тоңазып мұздадым.
Жендеттер де жиналыпты алаңға,
Азаттықтың тату үшін тұз - дәмін!
Қазағымның соры қалың бес елі,
Арылған жоқ құлдығынан кешегі.
Ал, биліктің түрі анау тойынған,
Тағдырыңды, елім кімдер, шешеді..
Көңілі соқыр, көзі ашық заманым,
Тарқамасын өмір қызық базарың.
Азаттықтың ауасымен тыныстап,
Ақиқаттың жырын енді жазамын!





Пікір жазу