10.09.2022
85
Комуз-мойын қаздар ұшып барады
Комузының бұрап күйлі құлағын,
Көңілдердің сыбдырлатып құрағын.
Базар кезіп бір зағип жан келеді,
Заманаға қойып мұңлы сұрағын.
Алатауды бетке алып ол келеді,
Ал жан-жары ілбіп үнсіз ереді.
Саудагер - күн миығынан күледі,
Ғаріптерге болмаған соң берері.
«Өмір-өзен» іштей тынып ағады,
Ағынымен жуып жанды жараны:
Көк жүзінде қиялымның қалықтап,
Комуз-мойын қаздар ұшып барады...