10.09.2022
  173


Автор: Талап Қараш

Тіл туралы жыр

«Парижге» ән боп жеткен тіл!
Төгілген сәтте көктен нұр.
Күй болып сонда кең дүние,
Толғанып жатқан көк сеңгір.
«Тар жол тайғақ кешкен» тіл!
Топ жарып желдей ескен тіл.
Егескендердің есін жиғызып,
Шешілмес дауды шешкен тіл.
Шұбар да шұбар, шұбар күн,
Тұсалса шындық шыдар кім ?
Жаралы тілдің жай-күйін,
Мүлгіп бір кеткен ұғар шың.
Майдан да майдан, майдан тіл,
Қайран да қайран қайран тіл.
Алмас қылыштай жарқылдап
Намысымды менің қайрай жүр!





Пікір жазу