10.09.2022
  99


Автор: Талап Қараш

Күй анасы

Ұстазым Бақыт Қарабалинаның рухына
Күй елінің арманшыл өр
қызы еді,
Толқындарға ұқсаған бар
мінезі.
Күй қанатын қаққан сәтте
тынушы ек,
Шәкірт біткен лүпіл қағып
жүрегі.
Дина болып шығып бірде
алдымнан,
«Талап-жан» деп таң-тамаша
қалдырған...
Қос ішектің қызығымен
жүргенде,
Ығынбаппын заңы қатал
тағдырдан.
Сол бір күндер өте шықты-ау
қас-қағым,
Алматының күмбірлетіп
аспанын.
Домбырашы қызды көрсем
бұл күні,
Көкейімде оянар жыр,
дастаным!
Күй анасы күйге ғашық
балаңмын,
Жыр ананың жүрегінен
жаралдым!
Еуропаланып кетпегей деп,
ата жұрт,
Қазағымның әр күніне
алаңмын!





Пікір жазу