10.09.2022
148
Қасиет
Арзан, арзан, бәрі арзан,
Ыршиды жас жанардан.
Ардың да бар бағасы,
Іздеген табар базардан.
Саудагер заман жалаңдап,
Ретін тапса жан алмақ.
Қалада жүр ауыл жақ
Қалтасын қағып амалдап..
Нұрлы күн көкте күледі,
Теннис добындай жүрегі.
Бұлбұлша сайрап үш тілде,
Шындықтың жайын бүгеді.
Арзан, арзан, бәрі арзан,
Ызғар өтеді табаннан.
Қасиетіңді сат деп әлдекім,
Алмаса екен жағамнан!