10.09.2022
104
СЕЗІП ЖҮРЕМ
Жерде жүрмін жаным жүдеп, жабығып
Мені олар күндей берсін жабылып.
ҒАРЫШ жаққа кетіп қалмай мен осы,
Бұл фәниде қалып қойдым нағылып?
Қайыңдардың қимадым ба АҚ түсін,
Сезіп жүрем маған қарсы жат күшін.
Сен басыма қайта айналып қонғанша,
Өлеңімді жаза берем, бақ құсым.
Менен алыс ұшып кете алмайсың,
тағдыр сені білемін ғой, алдайсың,
Менің аңғал, жаны жайсаң досымдай,
Неге меңен бір алданып қалмайсың.
Маңдайымнан демейінші бақ тайды,
Құдай мені сақтап келді, сақтайды...
Ақындарды қиын, рас, түсіну -
ПОЭЗИЯНЫ түсіндіріп жатпайды.