10.09.2022
  96


Автор: Тұрсын Жұмаш

ОРАЛАМ

О, Жер-Ана, саған беріп тәнімді,
Аспанға алып ұшып кетем ӘНІМДІ.
ПОЭЗИЯНЫ түсінетін Адамдар -
Кетіп барам жақсы көріп бәріңді.
Ерік бермей сезімге бір, ез үнге -
Ғайып болған, мен бір басқа түрге енем,
МЕН сендерге қажет болған кезімде,
ЖЕР бетіне қайта оралып бір келем.
Есен-аман жүріндерші бір Сендер,
Қайта оянып, көздеріңді ілсеңдер...
ҒАРЫШ ЖАҚТАН жымыңдайды бір
жұлдыз,
ӨЛЕҢ үшін туғанымды білсендер...





Пікір жазу