10.09.2022
  93


Автор: Тұрсын Жұмаш

КӨРІНБЕЙТІН ҚҰДАЙ КҮШТІ

Көңілімде нала-мұң бар, алаң бар,
Мені енді жынды етпекші жамандар,
Түңілдіріп жүрсіңдер-ау өмірден,
Өлеңімді оқып алып адамдар...
Қан жылаған жүрегімді қолға алып,
Мен жатырмын өлем бе деп толғанып.
Қара жерді қимайтын да табылар,
Аруағымнан қорқатыны - ол да анық.
Түңілдіріп алдыңдар ғой, алдыңдар -
Мені көріп түк түсінбей қалдыңдар.
Өлім деген немене ОЛ, түк те емес,
Көз тірімде көрге апарып салдыңдар.
Мен өлгенде сендерге осы түсті не,
Топырақ сап жатырсыңдар үстіме,
Көрінбейтін Құдай күшті.,. әттең-ай,
Хабар жетпей жатқан шығар Күштіге





Пікір жазу