10.09.2022
95
САРЫАРҚАНЫҢ САРЫ ҚЫЗЫ
Алдамайтын шығар енді бізді арман,
Қызғанбай-ақ, қойшы мені қыздардан,
Есіңде ме,
сол бір көктем, сол бір кеш.
Сәуірдегі Балқантауға біз барған,
Ақ жаңбырдың қалып қойдық астында,
Жаңбырдан ба, әлде менен қаштың ба?
Тас үңгірден
қайта шығып жүгірдің,
Маған қарай... құшағыңды аштың да.
Жүрегімнің жеткіздім бе алғысын -
Айта алмаймын, айту ұят арғысын...
Махаббаттың
білеміз ғой қадырын,
Сарыарқаның сары қызы тал мүсін.