10.09.2022
98
ЖАЛҒЫЗДЬІҒЫМ ТУРАЛЫ АЙТАМ...
С. Ақсұңқарұлына
Бір түн өтті, көз алдымды ісіріп,
Уысыма түспеді өлең-моншағым.
Таң жарықтық түн пердесін ысырып,
Қайта оралды шын бақытты: сол шағым,
Қалам тоқтап қалып еді қай тұста,
Ой мен Сезім түсті қызу айтысқа.
Емшілердің емін қабыл алмаған.
Қиын болды-ау кеудемдегі "байғұсқа".
Өмір сүріп жүрмесем де Елсізде,
Жалғыздығым туралы айтам мен Сізге.
Көктем жаққа жалғыз кетіп барамын,
Ақын-жүрек жазылады емсіз де.
Мен қайтемін мұңымды айтып басқаға,
Ақын да бір әлдиі кем жас бала..,
Бұл жалғанда Сізді жақсы түсінем,
Мен сияқты түсінсе ғой басқа да.
Сатқындықтың көрдім неше түрін мен,
Сақтанбайтын сәби едім бұрын мен.
Сізге қалай, ал мен бар ғой, жан аға -
Бірге жанып бара жатам жырыммен.