10.09.2022
207
МЕН СОНДАЙМЫН
Құдайыма жеткізейін үнімді,
Түннен шығып көрейінші Күнімді.
Болашақта
не болары белгісіз,
Бұлдыраған көріп тұрмын Бүгінді.
Адамзаттың жеткізейін азғанын,
Өшіп қалмай тұрғанда өлең-маздағым.
Болашаққа жетіп қалар, жетпесе -
Махаббатқа айналады жазғаным...
Махаббатқа айналады, дауаға
Мен сондаймын, ақындықтан сау АҒА...
Өлеңдерім қалады ғой, қалмаса -
Айналдырып алармын-ау, АУАҒА.