10.09.2022
110

ӨМІР ЖАҚСЫ
Ауырады жүрегім... таза білем,
Жылдарымның болды ма, мазағы кем.
Өлім деген немене, Өмір жақсы,
Өмір жақсы осындай азабымен.
Өмір жақсы, өйткені Күн бар мұнда,
Ажал оғын атады кім дарынға...
ДҮР етіп ұшып кетті көгершіндер,
Қарғаларды үркітіп тұрғанымда.