10.09.2022
  111


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚАРАЙЫП ЖАЛҒЫЗ ОТЫРМЫН

Кел, кел аспан, кел, аспан,
Балқантау биік мен асқан.
Бұлтыңды қара, бұлтыңды,
Қуам деп көңіл ұмтылды.
Қуа алмай, көзге мұң тұнды.
Қуантсам деп ем жұртымды.
Ақпанда мынау, ақ таңда,
Тірілер ұйықтап жатқанда.
Қарайып жалғыз отырмын,
Қасқырдай түскен қақпанға.
Айқасып кетсе кірпіктер,
Санамды шабыт түртіп көр.
...Сәл қалғып алып саңқ етіп
Самғайды қыран-бүркіттер.





Пікір жазу