10.09.2022
  78


Автор: Тұрсын Жұмаш

БІР КӨЛЕҢКЕ

"Көлеңкеден дір еттім жас үзіліп жанардан"
С. Ақсұңқарұлы
Туған жердің сүйеніп терегіне,
Тұрмын үнсіз егіліп, керегі не...
Бір көлеңке соңымнан қайта ереді де,
Асылымды жүреді тереді де.
Сансыз сауал, сұранып миымдағы,
маған осы басылу қиындады,
Бір көлеңке соңымнан қайта ерді,
Бір уыс топырақ құйдыдағы.





Пікір жазу