10.09.2022
  95


Автор: Тұрсын Жұмаш

ӨЛЕҢ ҚАЛУ ҮШІН МЕН

Жүректері мың сан қабат қамалдайын,
Жаны ашымас олардың амалдайын.
Барлық жылы ағысқа қосылып бір
Есейін де тұрайын самалдайын.
Өлең қалу үшін мен күнде өсейін,
Тылсым жұмбақ күшімен тілдесейін.
Сағыныштан кеудесі күйіп ұшқан,
Биік ұшқан құсыммен үндесейін»
Аман болшы, ақ -құсым бір сен дейін,
Қиындау бұл тағдырым білсең дейін.
Жердің үстін жылытып көріп едім,
Жердің асты жыли ма кірсем кейін.





Пікір жазу