10.09.2022
104

Д. БРУНОНЫҢ МИКРОМОНОЛОГЫ
Тұрмын ба, жылыұшырап көздеріңе,
Тарихтан таныспын ғой өздеріңе.
"Жер-Ана дөңгелейді Күнді айналып"...
Отқа жақты мені олар
күлге айналып,
Қай тудым... От болып тіл байланып!
Арамызда түсініксіз байланыс бар,
Лап берсем, мені адам қайдан ұстар,
Қызықпаймын адамның денесіне,
Өртенгендер алады мені есіне!