10.09.2022
  84


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТОҒЫШАРҒА

Аппақ нанға майды жағып жегенмен
Қара жүрек ағармайды, дегенмен.|
Туған жердің
суын ішіп шөлдесем,
Бір Алланың айтқанымен келем мен
Ақ бесікке сүйеп едім басымды,
Сәби күнім көзіме оттай басылды...
Адастырып
бара жатса дарыйсыз,
Мен өзіме тартып алам Асылды!
Қара жүрек-қайырымы жоқ, қайғысы
Нанға жағып жей беріңіз майды СІЗ
Креслоны
қызғанбаймын, алайда -
Сол отырған орныңызға саймысыз?..
Түсініксіз Өлең жазып Бүгінде,
Түсінікті болармын-ау, түбінде!
Ал Сен бар ғой
аппақ нанға май жағып -
Креслоңда отыра бер, бүлінбе...





Пікір жазу