10.09.2022
  226


Автор: Тұрсын Жұмаш

ОТАНЫ БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ..

Елімді ойлап, ойлап оның ертеңін,
Тәттімбеттің тәтті күйін шертемін!
Ару деймін қазағымның қыздарын,
Батыр деймін қазағымның еркегін!
Бозторғайы қоймай-қоймай боздайтын
Шабытымның шарасы жоқ қозбайтын...
Жапондықтар сияқтанып бір күні -
Қазақ озып шыға келер... озбайтын!
Қанаттарым ұша-ұша талғанда,
Үмітімді жалғастырдым арманға
Жылап бара жаттым үнсіз,. мен бар ғой
ҚАЗАҚСТАН - тәуелсіздік алғанда!
Туған жердің топырағын уыстап,
Өлеңімді оқи алмай дұрыстап,
Қуаныштан есім шығып, қайтейін -
Мен көшеге шығып кеттім Ту ұстап!
О, туған ел, қасиетіңді тағы ұқтым,
Кеңдігіңе қайран болып қалыппын,
Қазақстан - Адамзаттың мекені,
Отаны бұл - ҚАЗАҚ деген халықтың!!!





Пікір жазу