10.09.2022
  102


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТАТАР ҚЫЗЫНА

Өлең боп келсе атар күн,
Шығамын шыңға тым биік.
...Аққұба қызы татардың,
Көздерің қандай тұңғиық.
Көңілге кейде салар мұң,
Әндерді тындап өскен ем.
Арманға толы жанардың,
Жарқылын көрдім өшпеген.
Сәні ғой шіркін, әні елдің,
Әнімен елдер ұғысқан.
Сүйемін жырын Жәлелдің,
Сүйемін сені туысқан.
Даламды тербеп айтам ән,
Жылдардың жыр боп
өткенін,
Көктемде келші қайтадан,
Көгілдір көзді - көктемім.





Пікір жазу