10.09.2022
  98


Автор: Тұрсын Жұмаш

ДАУЫЛ НЕМЕСЕ ЖҰМБАҚ ҚЫЗ ТУРАЛЫ ЖЫР

Бұлттар көшіп барады лек-легімен,
Қаңбақ ұшып барады тілегі кем.
Келіп қалар
кезегім деп тұрғанда,
Орап алды бір Ару білегімен...
Аман алып қалған бұл сормаңдайды,
МЕН айтайын
Сен тыңда, Ол қандай-ды.
Ертегіден келді деп айта алмаймын,
Хор қызына алғысым жолданбайды.
Қайталап айтамын ба: ескіні не?
Қарадым да отырдым кескініне.
МЕН ғашық
болған сұлу қыздар аз ба,
ұқсата алмай қиналдым ешбіріне.
Дауыл оның оралып етегіне,
Қан жүгірді Адамзат бет-өңіне.
Ғайып болып
жұмбақ қыз бара жатты,
Еріп кетті жынды жел жетегіне....





Пікір жазу