10.09.2022
100
МЕН СҮЙГЕН ӘЙЕЛДІ...
Махаббат жатыр ғой, жатыр ол жүректе,
Мен өлсем ілесіп барады ол түнекке
Мен сенен сұраймын, жалынам құдайым.
Мен сүйген әйелді мен үшін жүдетпе.
Жарай ма, құдайым, жарай ма, жарай ма,
Менсіз ол әйелдің қайғысы тарай ма?
Кездескен күндерім, бір болған түндерім
Бәрі де есімде, бәрі де бар ойда.
Бір қызбен, бір ұлды ойлады ол маған,
Жақсылық жасады дүниеде болмаған.
Мен сүйген әйелді құдайым қорғайды,
Қайталап оқиды хатымды жолдаған...