10.09.2022
  216


Автор: Тұрсын Жұмаш

ТАБИҒАТТЫҢ ҚАТЕЛІГІ ЕКЕН ДЕП...

Қара жердің сезіп тұрмын салмағын
Ұмытам деп өзімді-өзім алдадым...
Алма беті албыраған сұлу қыз,
Өте шықты зар илетіп балдағын!
Қара балдақ сұлу қызды демеген
Бөлектеніп бара жатты денеден!
Бөлектеніп бара жатты дүние,
Бөлектеніп бара жаттың... сен өлең!
Осындайда қайтып, қалай қалғырсың
Көңіл шіркін қайтем сені.... алғырсың.
Табиғаттың қателігі екен деп,
Қайран қыздар, балдақтарын қалдырсын!





Пікір жазу