10.09.2022
  69


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚҰДАЙ ӨЗІ ЖІБЕРСЕ

Балқантаудың басына отырамын мен шығып,
Кетіп қалды Жұматай, ғайып болды Кеңшілік,
Алты Алаштың асылын алар едім көтеріп,
Құдай өзі жіберсе құдіретті емші ғып.
Мен олардың барлығын қара жерден тұрғызып
Алатаудан әлемге жетер еді бір қызық...
Қуат алып тауымның тамырынан тараған,
Алабұртып көңілім, тұлабойым тұр қызып.
Қырық жастан асқанда кетті көбі тоқтамай
Жүрегіне ақынның қадалады оқ қалай?
Жер бетінен таба алмай, кеңістіктен іздедім
Рухтары осында -
Ал өздері жоқ, қалай?





Пікір жазу