10.09.2022
  69


Автор: Тұрсын Жұмаш

МЕНІКІ НЕ?

Көзімді алмай өстім биік шыңдардан -
Менікі не?
Менікі сол мұңды арман.
Өзімді алып кетіп бара жатырмын,
Жүрегімді жаралаған жылдардан.
Өмірімді қасіретке жүр бөлеп,
Менің барлық көзқарасым бір бөлек.
Маған ешкім көмек бере алмайды
Құдайымнан болмаса егер бір көмек.
Қайтесіңдер маған осы тас атып,
Тас атқанды түбінде бір ас атып.
Құдай ақы, әруақтар қолдаса,
Мен де кетем,
Бір тойымды жасатып.





Пікір жазу