10.09.2022
148
СӘБИ МЕН ҚҰС
Ұлым Медетке
Көзімді ілсем,
Құс көремін түсі аппақ,
Қанатына алтын сепкен ұсақтап.
Аппақ құсты алақанға қондырып,
Еркелетем
сәбиімдей құшақтап,
Сәби мен құс...
жүректері пәк қандай!
Бірі жүріп, бірі қанат қаққандай.
Өліп қалған сезімдерім тіріліп,
Періштелер
ұшып бара жатқандай.