10.09.2022
  95


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ӘЛІ ДЕ БАР ӘНДЕРІМ СЫЙЛАЙТҰҒЫН

Өлеңі де, әні де Кәрім Жұмағалиевтікі
Еркелеткен ұлымын туған Елдің,
Топырағынан нәр алған туған жердің,
Құдай берген өнердің арқасында,
Өлеңменен әндерді жаза бердім.
Мінезім бар ақ көңіл аңқылдаған,
Көңілімнің кезі жоқ салқынданған.
Туыстар мен достарға Ақ Пейілім,
Дастархан боп жайылып таусылмаған.
Өлеңдерім бар әлі айтылмаған,
Әндерім де, баршылық тартылмаған.
Жетпіс жастан ассам да Құдай берген,
Күш қайратым бойымда сарқылмаған.
Әндерім де бар әлі сыйлайтұғын,
Әндерім де шығады тыңдайтұғын.
Өлеңменен мәнерлеп жаза берем,
Естен кетпес кездерді қимайтұғын.
Бұл өмірдің қызығын жазам әлі,
Әнге қосып халқыма ұнайтұғын.
Қайырмасы: А…а…а…. ааа,
Естен кетпес кездерді қимайтұғын,
Ән шығарам халқыма ұнайтұғын,
Әлі де бар әндерім сыйлайтұғын.





Пікір жазу