10.09.2022
  125


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Ұнатамын

Әні де, өлеңі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Ұнатамын Мен, бейбіт өмірді,
Гүлдей жайнаған шаттық көңілді.
Ұнатамын Мен, жайнап жүргенді,
Құрбы құрдаспен ойнап күлгенді.
Ұнатпаймын Мен, өсекшілдерді,
Көзі жоқта, ол досын күндейді.
Ұнатпаймын Мен, екі жүздікті,
Айтқан сөзінің бәрі күдікті.
Ұнатамын Мен, адал достарды,
Шын көңілімен жарасқандарды.
Жақсы көрем Мен, туысқандарды,
Құда жек-жатпен сыйласқандарды.





Пікір жазу