10.09.2022
  142


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ЖАСТЫҚТЫ АҢСАУ

Өлеңі де, әні де Кәрім Жұмағалиевтікі
Асыр сап ойнап,
Жүретін тойлап,
Есімде менің жастық кез.
Қыздарға жаққан,
Сүйем деп айтқан,
Махаббат жайлы мастық сөз
Жүректен тербеп,
Махаббат кернеп,
Жырлаушы едік сол бір кез.
Жалынды күндер,
Сыр шерткен түндер,
Кеттің-ау өтіп сен де тез.
2 рет
Бозбала шағың,
Балауса балғын,
Кезіміз еді ересек.
От болып жанып,
Есіңнен танып,
Қалушы едік сұлу қыз көрсек.
Қыз айтса сендік,
Ырқына көндік,
Ғашықтық жайлы сыр шертсек
Махаббат әні,
Солардың бәрі,
Қалды-ғой шіркін елес боп.
2 рет
Көрінген түстей,
Қыймайсың іштей,
Еске алып енді сарнайсың.
Есіңе сақтап,
Жастықты аңсап,
Қиялға мініп самғайсың.
Кемпірім серік,
Жаныма еріп,
Өмірді ары жалғайсың,
Қол жетпес Арман,
Жалын боп жанған,
Қайдасың жас шақ, қайдасың.
2 рет.





Пікір жазу