10.09.2022
  202


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ҚАЙРЫЛСАҢ ЕДІ…

Сөзі: Әскербек Рахымбековтікі
Әні : Кәрім Жұмағалиевтікі
( Қыздың жігітке жазғаны)
Сен келген күні, сен келген күні, сен келген,
Жүрегі тулап, қуанып жүрген пендең мен.
Сағынып сені, жан едім қатты сенделген,
Сен келген күні,
Сен келген күні, бұзылды бір сең кеудемнен.
Жанымда жүрсең, жүрегі жомарт жандайсың,
Ұқпаймын кейде, не болған саған қандайсың.
Сырымды айтсам, тыңдаудан сірә танбайсың,
Сендікпін десем,
Сендікпін десем, сөзіме неге нанбайсың?
Сен кеткен күні, сен кеткен күні, сен кеткен,
Сұрайсың несін, сұрапыл құйды селдеткен.
Жалғыз күн ғана жайраңдап жүріп жанымда,
Жаралап кеттің,
Жаралап кеттің, жарамды жүрмін емдеп мен.
Жұп болып жүрсек, табар-ек жақсы жалғасым,
Жадымда қалды, жанарың, көзің, қарасың,
Аялда деп ем, апырау сонша асықтың,
Қайрылсаң еді,
Қайрылсаң еді, қайрылмай қайда барасың.





Пікір жазу