10.09.2022
  204


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Белтерек вальсі

Әні де, өлеңі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Белтерек туған жерім,
Еркелеп өскен елім.
Мен үшін жер жаннаты,
Неткен Сен көркем едің,
Неткен Сен көркем едің.
Қ а й ы р м а с ы :
Жас кезден ертеректен,
Аймалап еркелеткен,
Кіндік қан тамған жерім,
Айналдым Белтеректен,
Айналдым Белтеректен.
* * *
Аңсаймын жайлауыңды,
Биік құз тауларыңды.
Көк майса шалғының мен
Мал толған қойнауыңды,
Мал толған қойнауыңды.
Қ а й ы р м а с ы :
Сағынам ауылымды,
Інішек – бауырымды,
Жастық шақ кезімдегі,
Ойын мен сауығыңды,
Ойын мен сауығыңды.
* * *
Аңсаймын қорығыңды,
Қарақат, мойылыңды,
Сай-сайда өсетұғын,
Қараған - тобылғыңды,
Қараған - тобылғыңды.
Қ а й ы р м а с ы :
Арнаған осы әнім,
Еліме табынғаным,
Жылына Белтеректі,
Көрмесем сағынамын, 2 рет.
Аңсаймын, сағынамын…





Пікір жазу