10.09.2022
  141


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Көрімдік

Өлеңі: Мешітбай Құттықовтікі
Әні: Кәрім Жұмағалиевтікі
Қайным келді – дейтұғын, Төрем келді,
Жеңгелерге келіндер ере келді.
Былтыр түскен келінім, туған ұлын,
Орап-қымтап қолыма бере-берді.
Қ а й ы р м а с ы:
Жарар екен не берсем көрімдікке,
Дүние береді екен-деп, Келін күтпе,
Бір туысың айтқандай пұл бермеймін,
Жарар екен не берсем көрімдікке? 2 рет
Мені ағайын басқадан кем көріп пе,
Қимайды олар жерлесін пенделікке.
Ат болар деп көрімдік, Аға күтпе,
Теңге болады екен деп Жеңге күтпе.
Қайырмасы :
Жарар екен не берсем көрімдікке,
Теңге береді екен деп, Жеңге күтпе.
Бір туысың айтқандай пұл бермеймін,
Жарар екен не берсем көрімдікке?
Қызық емес күн көрген бір қалыпты,
Мен ашпаған аулымда сыр қалыпты.
Қоғажайлар, көлдер де басын шайқап,
Жусанының түбінде жыр қалыпты.
Қ а й ы р м а с ы :
Көңіліме бір шарбат, түйіп келдім,
Ол махаббаты екен ғой, сүйікті елдің.
Көрімдікке Ағатай, Жеңге, Келін,
Сол жусаннан жырыңды жыйып келдім 2 рет
Жарар екен не берсем көрімдікке,
Дүние береді екен,- деп келін күтпе,
Көрімдікке Ағатай, Жеңге, Келін,
Тарту етем жырымды өмірлікке. 2 рет.





Пікір жазу