10.09.2022
  107


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Мұратқа

Әні де, сөзі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Торқалы тойға өлеңімді алып келіп ем,
Әнін де, сөзін, өзіңе арнап теріп ем,
Тілегімізді ықылас ыстық көңілмен,
Қабыл ал Мұрат, қабыл ал Мұрат Апаң мен мына Жездеңнен.
Әкең мен Анаң, Алладан сені сұратқан,
Сен келдің сонда, олардың көңілін жұбатқан.
Әкең мен Анаң ұлым деп Сені ұнатқан,
Есіңде болар, есіңде болар, солардың бәрі Мұратжан.
Елу жас деген, Ғасырдың орта арасы,
Оған да жеттің, ешкімнің жоқ қой таласы.
Үлкенге іні, кішіге болдың ағасы,
Күш қайрат бекіп, күш қайрат бекіп, халқыңның болдың баласы.
Тілейміз тілек, Мұратжан саған елуде,
Сексеннен асып, Тоқсанға, Жүзге келуге.
Минуарменен бақытты болып өмірде,
Қыздарың өсіп, қыздарың өсіп, қамқоршы болсын өзіңе.





Пікір жазу