10.09.2022
  95


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Бәриге

Әні мен өлеңі Кәрім Жұмағалиевтікі
Армысың елім, туған жер, менің аймағым,
Армысың аға, інішек, бауыр – ардағым.
Армысың туыс, құда мен жек-жат – ағайын,
Құттықтау сөзді, құттықтау сөзді, әнменен
ары жалғайын.
Құттықтап бүгін, құрметті құдам Бәриді,
Құдадан асып, туыс боп кеткен кәдімгі.
Жетпіске толған, торқалы тойда қадірлі,
Қабыл ал құда, қабыл ал құда, арнаған
Саған әнімді.
Любамен бірге өмірдің көріп сәулетін,
Мол болсын ырыс, ынтымақ, бірлік, дәулетің.
Ұрпағың өсіп қамқоршы болсын өзіңе,
Аман-сау жүрсін, аман-сау жүрсін Сексенбай
тегі әулетің.
Тілеймін тілек, Жетпіске келген жасыңда,
Тәңірім саған күш қайрат берсін басыңа.
Тоқсанға жетіп, созғанда қолды ғасырға,
Гүл жанап жүрсін, гүл жайнап жүрсін, құдағи
Люба қасыңда.





Пікір жазу