10.09.2022
  96


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ЖАҢАРАДЫ БӘРІ ДЕ ЕСКІРЕДІ

Сөзі: Сейіл Боранбаевтікі,
Әні: Кәрім Жұмағалиевтікі.
Жаңарады бәрі де ескіреді,
Шыққан күн де әп-сәтте кешкіреді,
Бір қайғысы Адамның осы болмақ,
Жақсылықтың қадірін кеш біледі....
Кеш біледі....
Жаңарады бәрі де ескіреді,
Естіге өмір жұмбағын шештіреді.
Бақыт сұлу баянсыз бет пердесін,
Біреуге ерте, біреуге кеш түреді....
Кеш түреді....
Жаңарады бәрі де ескіреді,
Әр заманның өз үні естіледі,
Жас ұрпақтың керуені қонып жатса,
Көшіп жатар дәуірдің ескі легі....
Ескі легі....
Атқан таңның арайлы есті лебі,
Батқан күннің мұңлылау кешкі реңі,
Шыр айналған дүние бір дөңгелек,
Жаңарады бәрі де ескіреді....
Ескіреді....





Пікір жазу