10.09.2022
114
ҒҰМЫР КЕШ ТЕК ӨЗІҢЕ ҰҚСАП ҚАНА.
Сөзі: Сейіл Боранбаевтікі.
Әні: Кәрім Жұмағалиевтікі.
Ғұмыр кеш тек өзіңе ұқсап қана,
Сыймасты құшағыңа құшақтама.
Биік бол шамаң келсе ірі де бол,
Тиынға ірілікті ұсақтама,
ұсақтама.
Ғұмыр кеш тек өзіңе ұқсап қана,
Адамды көркейтеді үш-ақ дана,
Ол Адалдық, Әділдік, Ой-парасат,
Өсерсің осылардан күш-ап қана
күш-ап қана.
Ғұмыр кеш тек өзіңе ұқсап қана,
Күн көрме ОЙ дүлділін тұсап қана.
Іске асар арманымның бәрі деме,
Жағылар кейде күйе ісі - аққа да,
ісі - аққа да
Ғұмыр кеш тек өзіңе ұқсап қана,
Адалдың арын сырттан пышақтама,
Дүние жеткізбейді тойымсызға,
Керегі қанағат пен нысап қана,
нысап қана.
Таусылмас туған жерден күш-ап қана,
Өлмейтін алады Адам іс атқара,
Біреудің шиырылған ізін қумай,
Ғұмыр кеш тек өзіңе ұқсап қана,
ұқсап қана.