10.09.2022
  146


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Қыздар

Өлеңін жазған МЕНДЕКЕШ
Әні Кәрім Жұмағалиевтікі
Қарайды-ау қыздар, қарақат көзін төңкеріп,
Жанарды ғажап, байлайды сиқыр еркелік.
Мұндайда тіпті құрып-ақ кеткің келеді-ау
Қыз дүниенің, ыстық деміне,
ыстық деміне
өртеніп. 2 рет
Қашаннан мәлім, қыз деген жақсы “жау” халық,
Еш жігіт одан көрмесе керек сау қалып.
Өлемін деп қорықпай, тиіскің келіп тұрады-ау,
Көздердің оғын, өзіңе ылғи,
өзіңе ылғи
аударып. 2 рет
Бозбала түгіл, айтпай ма қызды шалдар да,
Түнде де сәуле жүгірер құба талдарға.
Самарқанды да, садақа қылып бір ақын,
Қыз үшін қиған, қара ормандарын,
қара ормандарын
Хандар да. 2 рет.
Сыры не мұның? Қыз деген неткен өр есім?
Қымызға қызып, қыз жайын тыңдай бересің.
Ғажап-ау өмір, баласы болып бір қыздың,
Тағы бір қыздың, қосағы болып,
қосағы болып
жүресің. 2 рет





Пікір жазу