10.09.2022
  86


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Ақындар

Өлеңі : Толыбай Абылайұлыныкі.
Әні : Кәрім Жұмағалиевтікі.
Біз ақын деген халықпыз,
Халықпен бірге алыппыз.
Құдайсынғандарды көзге ілмей,
Таланттарды ғана таныппыз.
Қайырмасы:
Ей, Отан ерке балаңбыз,
Ақеділ мінез адамбыз,
Бел баласымыз заманның,
Қол баласымыз қоғамның.
Бел баласымыз заманның,
Қол баласымыз коғамның… 2 рет.
Біз ақын деген топтанбыз,
Егесе кетсек сотқармыз.
Арамдық көрсек адамнан,
Ақиқатымызбен соттармыз.
Қайырмасы:
Ей, Өмір, жүгіңе жараймыз,
Өлеңге уық қадаймыз.
Тағдырдан жеген таяқты,
Танып қойыңдар Абаймыз,
Тағдырдан жеген таяқты,
Танып қойыңдар Абаймыз… 2 рет.
Тағдырымызды таң көрме,
Ақындар періште жан көрме.
Жақсылық көрсек шаттанып,
Өкпелеп қаламыз сәл жерде.
Қайырмасы:
Ей. Осындай біздің жанымыз,
Осындай біздің қалымыз.
Қазынасына қазақтың,
Жақын деп бізді таныңыз,
Қазынасына қазақтың,
Жақын деп бізді таныңыз,
Ақын деп бізді таныңыз… 2 рет.





Пікір жазу