10.09.2022
142
БАРИ ҚҰДАМ 60 ЖАСҚА ТОЛҒАНДА
Әні де, өлеңі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Алпысқа келіп қапты-ау Бари құда,
Ол өзі жастық емес үлкен Тұлға,
Құттықтап Махаббат пен *1) екеуіңді,
Бөлемекпін мен бүгін өлең жырға
Қайырмасы: Атадан қалған мұра,
Алпыс жас үлкен тұлға,
Арнаған өлеңімді,
Қабыл ал Бари құда.
Алпысты көңіл шіркін елемеген,
Бірақ ол жастық емес елеңдеген.
Алпыста ақсақалды Ата болып,
Ел ағасы атанып кемелденген.
Қайырмасы: Жастықты елеңдеген,
Алпысқа берем деген,
Ойыңда бар ма елі-ау,
Сен соған «көнем»- деген
Алпыста Бари Сізге тілейтінім,
Болмасын бұл өмірде білмейтінің,
Тоқсанда Любаменен күліп ойнап,
Маңайыңнан кәрілік жүрмейтұғын.
Қайырмасы: Атадан қалған мұра,
Алпыс жас үлкен тұлға,
Алпыс жас отыз емес,
Сенбесең Любадан сұра,
Любадай қосағыңмен,
Жасай бер Бари құда.