10.09.2022
  112


Автор: Кәрім Жұмағалиев

САҒЫНДЫМ ЕЛІМДІ

Жас кезде ертерек, туған жер Белтерек,
Жүруші ем өзіңе еркелеп.
Жүрсем де шеткерек, қол бұлғап бері кел деп,
Тұрғандай боласың жетелеп.
Қайырмасы:
Еліме сырымды, арнаған жырымды,
Айтуға құс болып ұшайын.
Ақсақал қарттарды, уыздай жастарды,
Аймалап қатты құшайын.
Сағындым елімді, Мен, туған жерімді,
Балауса балалық шақтарды.
Мөлдір көз бұлақты, шалғын мен құрақты,
Саялы ақ қайың бақтарды.
Қайырмасы:
Еліме сырымды, сағынған жырымды,
Айтуға құс болып ұшайын.
Апайды –жездейді, Ағайды-жеңгейді,
Сағынып қатты құшайын.
Қосшоқы тауларын, «Жылқышы» сайларын,
Жартасын, жоталы белдерін.
Балықты көлдерін, «Қара-өзек» жерлерін,
Сағындым бәйшешек гүлдерін.
Қайырмасы:
Еліме жырымды, сағынған сырымды,
Айтуға құс болып ұшайын.
Інішек, қарындас, ағайын бауырлас,
Бәріңді қатты құшайын.
Құдағи-құдалар, бірге өскен құрдастар,
Бәріңді қатты құшайын.
Көз жетпес даласын, шипалы ауасын,
Жаңбырын, қарын да дауылын.
Күннің де жарығын, табиғат байлығын,
Шіркін-ай, бәрін де сағындым.
Қайырмасы :
Сағындым дәміңді, бір үзім наныңды,
Ірімшік, құртың мен майыңды.
Қарта мен қазыңды, жая мен жалыңды,
Жент толған шіркін-ай, қарынды.
Жас кезде бозбала, ай жарық жайлауда,
Ақ сүйек лақтырып, күлуші ек,
Қозысын айдасып, бұзауын байласып,
Амалсыз, қыз үшін жүруші ек.
Қайырмасы:
Жеңешем келіншек, сол кезде көңілшек,
Қыздарға «үйге жүр, келші» - деп.
«Қайнымды көрші» - деп, сөзіңді берші-деп,
Қинайтын «қайнымды сүйші» - деп.
Қызылорда. 1982 жыл.





Пікір жазу