![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-09-16-15-28.png)
АРАҚТЫҢ ТАУҚЫМЕТІ
Арақ деген ашты судың, тауқыметін айтайын,
Кейбіреулер жақтырмайды, қас қабақтан байқаймын.
Бас айналып, ми шайқалып, арақ ішкен пақырлар,
Көз бұлдырлап, сөз судырлап, күнін кешер мақаудың.
Маскүнем деп атайды екен, арақ ішкіш адамды,
Үй ішінің шырқын бұзып, жәбірлейді әйелі мен баланы.
Небір жайсаң жақсылар мен ақылдыны қор қылар,
Өйткені арақ алып қояр, Ақылменен – Сананы.
Талай жақсы бұл арақтың тауқыметін тартып өткен өмірден,
Жұмыста да, үй ішіне, ол маскүнем жағымсыз боп көрінген.
Арақ құмар әкелері балаларын тірі жетім еткізіп,
Қанша әйелдің көз жастары, көл-көсір боп төгілген.
Арақ ішкен байып кетер, қас – қағымда көсем боп,
Жөнсіз жерде ақыл айтып, бөсіп кетер шешен боп.
Жоғарыда «жүнді қол» бар, қолдайтұғын мені де,
Сол арқылы жоғарылап, қызметке өсем деп.
Бет-аузы қып-қызыл боп, арақ ішіп «шаттанып»,
Одан артық адам жоқтай, отырады мақтанып.
Мақтанғаны соншалықты, ешкім сенбес сөзіне,
Кете жаздап Косманавт боп, Космосқа ұшып аттанып.
Арақ деген ашты суды ішкің келіп тұрады,
Қасиетің кетер Сенің, ішсең оны ұдайы.
Көңілімді көтерем деп, арақ ішкен маскүнем,
Естен танып үйге жетпей, көтере алмай құлайды.
Үйге жетпей, мас болған соң, естен танып құлайды,
Көшедегі аш иттер кеп, аузы-мұрнын жалайды.
Ес білмейтін маскүнемің, жем болады БОМЖ-ға,
Өйткені олар қалта қағып, киімдерін тонайды.
Ішпегін деп мың қайтара, жалынса да жұбайы,
Маскүнем боп кеткен байы, арақты да қимайды.
Арақ үшін арын сатып, кететіні соншалық,
Есін білмей, шектен шығып, ұмытады Құдайды.
«Ашты судың» тауқыметі тартқың келсе осындай,
Түрің жаман адам көрмес, қашып жүрген босқындай.
Есіңе алшы Сен кім едің, кеше ғана сүйкімді,
Енді жүрсің жанұяңа, туыс-досқа қосылмай.
Арақ деген көпе –көрнеу, сатып алған ауру,
Ол арақтың мақсаты сол, адамды тек аздыру.
Сол аурудан, кей адамдар шейіт болып кетеді,
Оңай емес ол кеселден тез арада жазылу.
Ей ағайын, арақ деген әзәзілге бұдан былай жолама,
Арақ ішіп, шошқаға ұқсап, Адам атын қорлама!
Ұйып тұрған жанұяң мен туыстардан қол үзіп,
Тапқаныңды араққа сап, өзіңменен, жанұяңды тонама!